Танымал әнші, актриса "Иірім" бағдарламасында қандай адамдармен араласпайтынын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жағымпаз, жауапкершілігі жоқ адамдармен амандасудың өзін құптамайтынын жасырмады.
"Өтірік айтқанды ұнатпаймын. Кейбір өтірік айтатын әріптестеріммен, тіпті амандасуға тартынамын. Содан кейін жағымпаздарды жек көремін. Жағымпаздарды, екіжүзділікті, құбылып кететін адамдарды ұнатпаймын", - деді әнші.
Меруерт Түсіпбаева үшін ең басты құндылық - жауапкершілік екен. Жауапсыз адамдарды жақтырмайтынын, тіпті адам қатарына қосқысы келмейтінін айтты.
"Мен жауапкершілігі жоқ адамды тірі адам деп есептемеймін. Егер бір адам сенімімнен шықса, мен ол кісіні сыйламаймын, амандаспауым да мүмкін, болмаса көрген жерде бетінен аламын. Өйткені жауапкершілік мен үшін өте маңызды", - деп ашып айтты ол.
Еске салайық, Меруерт Түсіпбаева осы сұхбатында сұлу болып көріну үшін қандай шаралар қолданғанын айтып берген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!