Мерекеге толы ай: мамырда Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

Биыл мамырда Қазақстанда мерекелерге орай демалыс күндері көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамырдағы мерекелер:

  • 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма);
  • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);
  • 9 мамыр - Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);
  • 27 мамыр - Құрбан айт (сәрсенбі).

1 мамырға арналған демалыс

  • Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 1, 2, 3 мамыр - қатарынан үш күн демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 1 мамыр - демалыс; 2 мамыр - жұмыс күні; 3 мамыр - жексенбі.

7 және 9 мамырдағы демалыс күндері

  • Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 7 мамыр - демалыс; 8 мамыр - жұмыс күні; 9, 10, 11 мамыр - демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 7 мамыр - демалыс; 8 мамыр - жұмыс күні; 9, 10 мамыр - демалыс; 11 мамыр - жұмыс күні.

Құрбан айттағы демалыс

Бес күндік жұмыс аптасы үшін де, алты күндік жұмыс аптасы үшін де 27 мамыр - демалыс.

Суреттер: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!