Психолог Дарья Якуба жаңа жылдық мерекелерден кейін жұмысқа қалай тез кірісуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Жұмысқа қайта кірісу кейде стресс тудыруы мүмкін. Бейімделу оңай өтуі үшін алдын ала жұмыс режиміне қайта кірісе бастаған жөн. Мысалы, күніне аз-аздан ертерек тұру қажет", - деді психолог.
Маманның тағы бір кеңесі - жұмыс аптасына арналған мәзірді алдын ала ойластырып, азық-түлік сатып алу, киімді дайындап қою. Бұл күнделікті тұрмыстағы күйзеліс пен жұмыс күндеріндегі абыр-сабырдан сақтайды. Сондай-ақ, алғашқы жұмыс күндеріне жоспар құру қажет. Бұл "маңызды нәрсені ұмытып кетемін" деген алаңдаушылықты азайтады.
Жоспар құрғанда психолог тапсырмаларды біркелкі бөлуге шақырды. Алғашқы екі-үш күнді бейімделуге және тез нәтиже беретін жеңіл тапсырмаларға арнаған дұрыс, мәселен, электрон поштаны реттеп шығу. Маңызды шешімдерді, келіссөздерді және ауқымды жобаларды кейінге қалдыру ұсынылады - миға жұмыс ырғағына толық кірісуге уақыт беру керек. Алғашқы жұмыс күндері жұмыс орнын реттеп, айналаңызға жағымды атмосфера жасап, ұнайтын ұсақ-түйек немесе өсімдіктер қоюға болады.
Якубаның айтуынша, тамақтану және дене жаттығулары сияқты факторлар да ағзаның қалпына келу уақытына әсер етуі мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтану және қалыпты белсенділікке уақыт бөлу маңызды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz