Мереке күндері көбіне мол дастархан жайылып, адам аз қимылдайды. Бұл артық салмақ қосуға әкелуі мүмкін. Диетолог Анастасия Лебедева мереке күндері дұрыс тамақтануға қатысты кеңес ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі RT-ға сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, ең алдымен порция мөлшерін бақылау қажет.
"Сүйікті тағамдарыңыздан дәм татуға болады, бірақ мөлшерін шамадан асырмаңыз. Тойып жеуден сақтанып, саналы түрде тамақтануға мән беріңіз. Мерекелік дастарханда да ақуыз, көкөніс және күрделі көмірсуларды үйлестіріп жеуге тырысыңыз", - деді Лебедева.
Дәрігер қозғалыс азайғанын өтеу үшін күн тәртібіне серуен, би немесе қысқа жаттығуларды қосуды ұсынды. Маманның айтуынша, бірден қатаң диетаға отырудың қажеті жоқ.
Калорияны біртіндеп азайтып, әдеттегі порция мен тамақтану уақытына қайта оралуға болады. Ол үшін ас қорытуға көмектесу мақсатында көкөніс, жасұнық және суды көбірек қосуды кеңес етті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!