Мерекелік дастарқан басында көбірек тамақ жеу үшін күні бойы аш жүру денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы диетолог Виктория Гаврилова ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, мереке күндері адамның қалыпты тамақтану тәртібі өзгеріп, ас қорыту жүйесіне түсетін салмақ артады.
"Көпшілік кешкі дастарқанда қалағанынша тамақтану үшін күні бойы аш жүреді. Алайда бұл – ең үлкен қателік", – деді диетолог.
Ұзақ уақыт аш жүрген адам дастарқан басында шамадан тыс тамақ жеп қоюы мүмкін. Ал майлы тағамдарды газдалған немесе алкогольді сусындармен бірге тұтыну ұйқы безіне түсетін салмақты одан әрі арттырады. Мұның соңы ұйқы безінің қабынуына, яғни панкреатит ұстамасына әкелуі ықтимал.
Сондықтан маман мереке күні де қалыпты тамақтану тәртібін сақтауға, ал дастарқан басында асқа шектен тыс әуестенбеуге кеңес берді.
Диетолог мерекелік дастарқанға отырардан бір-екі сағат бұрын ақуызға бай жеңіл тағам жеп алған жөн екенін айтты. Мәселен, бір уыс жаңғақ, жидек қосылған йогурт немесе жұмыртқадан жасалған омлет жеуге болады. Бұл қатты ашығып, артық тамақтанып қоюдың алдын алуға көмектеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!