Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жұбайына арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші біраз уақыт қарым-қатынасын жасырып жүргенін жеткізді.
"Парақшамдағы суреттерді қарап, мәз боп отырмын. Бұл жерде Райм екеуміздің барған шет елдеріміз. Күйеуім жігіт боп жүрген кезінен бастап маған ел көрсетіп, брендтің бәрін әперіп, еркелетіп жаман үйретті ғой. Менің еш кінәм жоқ. Бірақ бұл стористерде өзім қыдырып жүрген сыңай танытқанмын, жігітімді көрсетпей", - деп жазды өнер иесі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!