- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Менің екі әкем...
"Менің екі әкем болды". Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы айтты
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев "Сәлем, Папа" жобасында ата-анасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бала кезінде ата-әжесінің тәрбиесінде болғанын айтты.
"Балалық шағым Жамбыл облысының Талас ауданында өтті. Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем жас. Олар қалада тұрды. Мен ата-апамның қолында ауылда тұрдым. Әкем маған аға секілді көрінетін. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мен ата-апамның баласымын деп өсітім ғой. Мектепке баратын кезде әкем атамнан жалынып сұрап алған. "Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады" деген соң, атам рұқсатын берді. Балалық шақта екі әкенің тәрбиесін көрдім деп айта аламын", – дейді әнші.
Әнші өнерге келе бастағанда Алтынбек Қоразбаев әкесіндей қамқорлық жасағанын да айта кетті.
"Одан кейін қалада 12-13 жаста болуым керек. Өнерге араласа бастадым. Өнердегі әкем – Алтынбек Қоразбаев. Ол кісі де әкемдей қамқорлық жасады. Құдайға шүкір, менің әкелерім көп болды", - дейді Мейрамбек Беспаев.
Әнші ата-анасы жайлы сөз қозғады.
А. Жапатова"Әкем ақкөңіл кісі. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем – салмақты, көп сөйлемейтін адам. Маған екеуінің де қасиеті қанмен берілді деп ойлаймын. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Әкемнен шапалақ алған адам емеспін. Оның қас-қабағына қарап-ақ түсіне беретінбіз.
Әкенің рөлін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оны өзіміз әке болғанды жақсы түсініп жатырмыз. Әкенің қадірін балалы болғанда білесің. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. Мен бала күнімде "Бозторғай" деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. "Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ" дегенде, "өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой" деп қатты таңғалғаным бар", – дейді өнер иесі.