Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарып, "баға жетпес байлығы" туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, дәмді тамақ жеу, қыдыру, қымбат бұйым тағу, саяхаттаудың бәрі бір сәттік қуаныш қана сыйлайды.
"Құрметті арулар!
Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық! Бұған күмән болмасын!
Бірақ бұл нәрселер бір сәттік қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын беретін - рухани байлық. Өмірдің "шын кайф" екенін өзіді өзің тапқан кезде білесің.
Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды.
Менің баға жетпес байлығым. Денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орыным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саяхат тағы басқасы - аз уақыттық ләззат қана.
Сіздерге де, жан мен тән тыныштығын және бақыт пен байлық тілеймін.
Өзің миллионер, күйеуің миллионер, екеуің қосылып миллиардер болыңдар", - деп жазған өнер иесі.
Тағы да оқи отырыңыздар: 11-сынып оқушыларына арналған әдеби кітаптар
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!