"Харекет" халық қоры айдалада есік-терезесі дұрыс жабылмайтын, іші суық үйшікте тұратын қарт кісілерге баспана сыйлады. Алайда әйел жаңа баспанаға барудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көбі кетіп, аз қалды ғой иә? Әрине, күн санап жүрмін, енді 27 күн қыс қалды ғой", - дейді видеода әйел.
@xareket_qory_official МЕН ҮЙДІ АЛМАЙМЫН! Бибайша ханым неге үйді алмаймын деді? ЖАЛҒАСЫ БАР…. @xareket_qory_official #харекет_мейірім_формуласы #харекет_халықтың_қоры ♬ оригинальный звук - Харекет_халық_қоры
Мадияр Серікбаев олар үшін қыс бітіп, жаз басталатынын айтып, оларға жаңа баспана сыйлайтындарын хабарлады. Алайда әйел баспанадан бас тартады.
"Қазір "Водолей", 2-3 сағат күтші, қазір өздеріңе түсесіңдер. "3" деген - жолы болғыш. Маған ешқандай жылы киім де, үй де керек емес. Сендер маған зәбір көрсетейін деп тұрсыңдар, ұрғызайын деп тұрсыңдар. Қойсаңдаршы, кетіңдерші. Ертең де бармаймын. Мына жерді мен өзім салғанмын. Алешке бере бер", - дейді ол.
@xareket_qory_official АПАПЫЗ НЕДЕН ҚОРЫҚТЫ? @xareket_qory_official #харекет_мейірім_формуласы #харекет_халықтың_қоры ♬ оригинальный звук - Харекет_халық_қоры
"Енді мынадай күн суықта апаға қалай болатынын білмеймін. Шынымен де бізден қорқып жатыр. Бұған дейін бірнеше адам келіп, көмектесіп, бір жерге апарамыз деген-ау деймін. Апамыз қорқып қалған. Бірақ енді көкөмізді алып, шыға береміз. Апамыз ана жерден шыққысы келмей тұр. Күннің суығынан аяғым жаурайды дейді, бір жағынан қорқамын дейді. Олар сенбей де тұр. Қазір атамызды апарып, баспанасына кіргізіп, табыстайық. Одан кейін бір нәрсе етіп апамызды алып келерміз. Атамыз үйді шынымен көргеннен кейін көзі жететін шығар", - дейді Мадияр Серікбаев.