Әнші Төреғали Төреәлі алтыншы перзентін дүниеге әкелген келіншегіне сезімін білдіріп, алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көптен сүйінші сұраған әнші жарына ризашылығын білдірді.
"Қуанышымда шек жоқ. Аллаға сансыз шүкір! Бұрынғы балаларымда басқаша еді. Осы жолы сезім бөлек, ақыл кірген сияқты Төрештеріңізге. Кішкене сабыр, байсалдылық бар сияқты. Бірақ перзентханаға қанша барып жүрсем де, не алу керек екенін әлі жаттамаппын. Толқын деген ер екен, жарайсың! Тоқабай, Алла разы болсын саған! Біздің ұрпақтарды дүниеге әкелдің! Алла тілеуіңді берсін! Сен мен үшін соңына дейін тұрып бердің. Енді мен сен үшін тұрып беремін, көресің. Алла көзімді қайта-қайта жеткізіп жатыр. Не алайын енді саған айтшы, аспандағы айды алып бер дейсің бе? Теңіздің ортасынан үй салып берейін бе? Сен үшін бәрін жасаймын, ин ша Алла! Әуелі Құдай!", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!