- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мен үшін де...
"Мен үшін де ауыр". Илья Ильин үлкен қызы туралы айтып, көзіне жас алды
Танымал спортшы, ауыратлет Илья Ильин "Алғашқы" бағдарламасына үлкен қызымен қарым-қатынасы туралы айтып, көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшының қызы Милана Ильина әкесі туралы айтты.
"Кішкентайымнан мақсатқа жету үшін аяғына дейін бару керек деп айтатын. Менің әкем - өте жақсы адам. Ол анам екеуі ажырасқаннан кейін кінәсін жуып-шаю үшін бәрін істеді. Себебі мен кішкентай болғанда біз шетелге көп шығатынбыз. Мүмкіндігі болғанда мені өзімен алып жүретін. Сол сәттерді қатты сағындым. Мен жазбайынша, ол да жазбайтын болды. Біз жиі көрісіп, араласпаймыз. Көбіне ол Татьянаның жанында, үйінде не кездесулерде болады. Анаммен қарым-қатынасымыз жақсы. Әкемнен кешіріп сұрап, жиі араласайық, бірге уақыт өткізейік дедім. Ол келісіп, көрейік деді. Бірақ арамыз жақын болмады. Әкем дұрыс көңіл бөлмейді", - деді ол.
Спортшы қызының бейнесін көріп, көңілі толқып кеткенін жасырмады.
"Иә, не дерімді білмеймін. Қызымды қатты жақсы көремін, сағынамын. Әке ретінде қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Қазір Айли дүниеге келді. Оған қабылдау қиын. Жас ерекшелігіне байланысты өзгеріс. Мен үшін де ауыр. Оның психологиялық жағдайы алаңдатады. Мен өмір бойы оның жанында боламын. Өзгерістерді тезірек қабылдаса екен деймін. Ол үшін менен жақын ер адам болмайды", - дейді Илья Ильин.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек