- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мен Президент болғанша,...
"Мен Президент болғанша, қолдағандарыңызды қалаймын". Желіде балақайдың шенеуніктерге жанайқайын айтқан видеосы тарады
Әлеуметтік желіде кішкентай балақайдың ауылда ойын алаңы жоқ екенін айтқан видеросы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті Instagram-арналардың бірінде кішкентай баланың шенеуніктерге үндеуі жарияланған. Видеодағы жазбада оның Еңбекші ауылының тұрғыны екені айтылады. Еңбекші ауылы Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан.
"Сәлеметсіздер ме, ел басқарушы ағалар. Міне мынау - біз. Жаз өтіп бара жатыр. Ойнайтын бір алаң жоқ. Жүрміз, алаңның түрі мынау. Мынадай жерлерде жабайы ойнаймыз. Қалаға барғымыз келеді. Қалаға анау жақтан 2 шақырым жүреміз. Өте қауіпті. Жолдан өтеміз. Көліктер қатты жүреді. Әркімнің ата-анасы достарымызбен барғымыз келсе, жібермейді. Ойнайтын жеріміз - мынау, шаңға бүркіп келеміз. Міне осындай жерде. Сондықтан ел басқарған ағалар, мен өскенше Президент болғым келеді. Мен Президент болғанша, қолдағандарыңызды қалаймын. Бізге маршрут жасап берсеңіздер деген ойда. Сондықтан біз сіздерге жолдаймыз", - дейді видеодағы балақай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары баланың сөз саптауына, ақылдылығына тәнті болған.
"Асықпай, байыппен, жан-жақты түсіріп берген тіліңнен сенің. Өкініштісі, елімізде қаншама осындай аудан, ауыл бар. Биліктегілер бір жерін көтерсе екен, осындай үндеуден кейін!", "Жаным сол, өте ақылды бала", "Болашақ депутат", "Алаң түгілі Енбекшіге бұрылатын бұрылысты қайтарып берсе болар еді. Ауылға кіру үшін ойық жер, балшық судан өту керек", - деп жазған олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова