- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Мен оның тоқалымын“....
“Мен оның тоқалымын“. Мақпал Исабекова күйеуі жайлы сұраққа жауап берді
Желі қолданушылары әнші Мақпал Исабекованың жеке өміріне аса қызығушылық танытады. Әнші өзінің инстаграм-парақшасында күйеуі жайлы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Мақпал Исабекованың жеке өмірі жайлы қауесеттер жиі тарайды. Әнші жеке өмірі жайлы ашық айта бермейді және күйеуін көпшілікке көрсетпейді.
Әншінің бір оқырманы оған "Неліктен күйеуіңізді көрсетпейсіз? Ол қарсы ма? Әлде ол сіздің күйеуіңіз емес пе?" деген сұрақ қойған.
"Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол ұсқынсыз. Ол бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқа көп, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Маған бәрібір", – деп әзілдеп, жауап берді әнші.
Сондай-ақ әнші жақында сахнаға оралатын жоспары бар екенін жасырмады.
Еске салайық, биыл жазда әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін дүниеге әкеліп, қызды болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова