- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мен бұл үйдің...
"Мен бұл үйдің қызы болып кеттім". Әнші Ақбота-Нұр бұрынғы енесін туған күнімен құттықтап, көзіне жас алды
Әнші Ақбота-Нұр бұрынғы енесінің 70 жасы мен ұлының сүндет тойынан видеолар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өзінің инстаграм парақшасындағы сторисінде тойдан қызықты видеолар жариялады.
Әнші Ақбота Абайқызы бұрынғы енесін туған күнімен құттықтай отырып, көзіне жас алды.
"Мен бұл үйдің қызы болып кеттім, қазір көбісі не болып жатыр деп түсінбей отырған шығар. Көйкейлеріңізде жүрген сұраққа үйге барғаннан кейін өздеріңіз ойланарсыздар. Ең бастысы, мен сізді жақсы көремін, құрметтеймін, орныңыз мен үшін шексіз екенін білесіз, аман болыңыз. Негізі жыламаймын деп сөз бергенмін. Айтқым келгені, ата-аналарыңыз аман болсын. Әрдайым "өзімнің анам болғанда осы жерде тұратын еді" деп айтып жүремін", - деп жылап жіберді әнші.
Әншінің бұрынғы енесі де Ақботаны жақсы көретінін айтты.
А. Жапатова"Қалай Ақботаны мен жек көремін, қалай мен оны жамандаймын. Ақбота менің Жомартымның (Дәуреннің 24 жаста қайтыс болған бауыры) копиясын жасап берді. Алла Тағала Ақбота арқылы Ибраһим атты ұл берді. Жомарт қара болатын, Ибраһим - ақ. Айырмашылығы сол ғана. Сондықтан Аллаға мыңда бір шүкір", - деді ол.