Танымал әнші Баянсұлу Сағындықова дау тудырған ақпараттан кейін желідегі парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мейлі болсын жауын
Артынан бір күн бар!
Мейлі болсын суық, таусылмас нұр бар!
Мейлі бола берсін түрлі сабақ, сындар
Мені бәрібір сындыра алмассыңдар!" - деді ол.
Әншінің оқырмандары, тыңдармандары оған қолдау білдірген: "Тек алға", "Сынба, Баян", "Өнерің өрге жүзсін, жұлдызың жана берсін", "Дұрыс сынба, майдалармен майдаланба. Сен мықтысың, сені сындыра алмайтындары анық қой".
Еске салайық, бұған дейін Баянсұлу Сағындықованың хит әндерін жазған композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасаған еді. Ол өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбегенін мәлімдеді.
Кейін әнші осы айыптауларға жауап берді. Өнер иесі ақы төлеуге дайын екенін, алайда арада келісім бұзылғанын айтты.
Баянсұлу Сағындықова "Ұмытсам да", "Сондайым бар енді", "Ауа райы", т.с.с. әндерді орындайды. Бұған дейін жас әнші арнамызға эксклюзив сұхбат берген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!