Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова сахнаға қалай келгені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның мұндай мәлімдеме жасауына әлеуметтік желідегі оқырмандардың сыны себеп болған.
Гүлзира Айдарбекова әнші Шахизадамен бірге видео түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялады. Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың дауысы жоқ екенін жазып, пікір білдірген.
"Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды. Ал мен мүлдем әнші емеспін. Мені әнші еткен - халық. "Қызымды ұзатып бер", "Ұлым мен келінімді кіргізіп бер" деп шақыратын. Көңілдерін қимай, келісеміз. Қуаныштарына ортақ боламыз", - деп жауап берді продюсер оқырманның сынына.
Гүлзира Айдарбекова үздік әнші болмағанымен, жақсы продюсер екенін алға тартты.
"Продюсерлік жұмысым ұнайды, ол бәрінен жоғары. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер - зауыт, әнші - өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние ғой", - деп түсіндірді ол.
Еске салайық, жақында кинопремьераға барған Гүлзира Айдарбекова тағы да халықтың сынына қалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!