Соңғы кезде балаларға қатысты көптеген оқиға тіркеліп жүр. Ол оқиғалардың жиі кездесетін себебінің бірі қазақстандық оқушыларға қатысты білім берушінің тарапынан бұзылған құқықбұзушылықтар. Massaget.kz тілшісі оқушылардың қандай құқықтары бар екенін анықтау үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының маманы Эльнура Кишкенебаеваның көмегіне жүгінді.
Ажвокат ҚР Бiлiм туралы заңының 47 бабында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі толық көрсетілгенін айтты. Заңға сәйкес оқушының мынандай құқықтары бар:
Сонымен қатар, тілші адвокаттан оқушылар тарапынан әлеуметтік желіде көп қойылатын сұрақтарға жауап алды.
1. Заң бойынша, әр мектеп оқушы мектепке гаджет әкеле ме жоқ па өзі шешеді. Ал, ешқандай ережесіз баланың телефонын алып қою заңды ма?
Мұғалімдір немесе мектеп әкімшілігі, оқушының телефонын алып қоюы заңсыз. Мұғалім телефонды сөмкеге, болған жағдайда оқушының жеке жәшігіне салып қоюды, немесе үстелдің бұрышына сөндіріп, сабақ аяқталғанға дейін қолданбауды талап ете алады.
2. Оқушы үй тапсырмасын орындамағаны үшін мұғалім баланы сабақтан кейін алып қалып жасатуға құқылы ма?
Оқу орнында бекітілген оқу кестесі бар, ол кестеден бөлек кез келген жағдайда оқушыны алып қалуға оқытушының құқығы жоқ. Адамның жүріп-тұру еркіндігі сотпен ғана шектеледі.
3. Мектеп басшылығы мәжбүрлеп сенбілікке шығартады, қаншалықты заңды?
ҚР баланың құқықтары туралы заңының 16 бабына сәйкес әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Егер он төрт жастан асқан бала болса, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуына рұқсат етілген, алайда он төрт жасқа дейінгі балаларды, тіпті ата-анасы рұқсат еткен кездеде, еңбектің кез келген түріне қатыстыруға жатпайды.
4. Мұғалім сабаққа кіргізбей, не шығарып жіберуге құқылы ма?
Әр баланың білім алуға құқығы бар, сондықтан мұғалімнің сабаққа кіргізбей, не шығарып жіберуге құқығы жоқ.
5. Келесі сырт келбетке байланысты, оқушы боянып, шаш жайып, тырнақ өсіріп жүрсе, мектеп оған тыйым сала ала ма?
Мектеп әкімшілігі білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен қатынастарын ресімдеу тәртібіне сәйкес мектеп жарғысында мұндай ережелер болуы мүмкін, оқушы ережеге бағынуы қажет. Мұндай ереже заңға қайшы келмейді.
6. Оқушы сабақтан кейін кабинетті жинауға міндетті ме?
Жоқ, ол заңсыз. ҚР Еңбек кодексінің 7 бабына сәйкес, мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Кабинеттерді жинау мектеп әкімшілігінің міндетіне кіреді.
7. Мұғалім оқушыны әжетханаға жібермеуге құқы бар ма?
Ешкімнің адамның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы жоқ. Қандай себеппен болмасын, мұғалім оқушыны әжетханаға жібермеуі заңға қайшы.
8. Мұғалім немесе директор оқушының сөмкесін тексере ала ма?
Мектеп әкімшілігі немесе мұғалімдер оқушының сөмкесін тінтуге немесе қарауға құқысы жоқ, егерде құқықбұзушылық жасалынды деген күдік болса құқық қорғау органдары заңда көрсетілген қағидаға сәйкес қарау немесе тінту жасайды.
9. Мұғалім мен туралы ақпаратты не сыр-құпияны өзгеге жария ете ала ма?
ҚР Конституциясының 18 бабында әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.
10. Мұғалім сыныптың алдында абыройымды төгіп ұрысты, олай істеуге құқылы ма?
Мұғалімнің оқушыны ұрсуға, ұруға құқығы жоқ, ҚР Конституциясының 17 бабында көрсетілгендей адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Енді құқықбұзушылық тіркелсе, не істеуге болатынын анықтайық. Мысалы,
Егер мұғалім оқушыға айқайласа, қорласа, қол көтерсе, онда балалар бұл туралы ересектерге (ата-ана немесе қамқоршы) дереу айтуы керек.
Ең алдымен ата-ана немесе қамқоршы мұғаліммен сөйлесуі керек. Мәселе немесе жанжал ұсақ-түйек болмаса, баяулатпай, дереу білім басқармасының аудандық немесе қалалық бөлімдеріне хабарласыңыз (тұрғылықты жеріңізге байланысты).
Егер сіздің өтінішіңіз бен шағымыңыз ешқандай нәтиже бермесе, онда білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша аудандық сотқа шағыма аласыз.
Еске салайық, бұған дейін меншік иесі ғимарат алдына көлік қойдырмауы қаншалықты заңды екені туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!