- Негізгі бет
- LifeStyle
- Мектепке дайындалу кезінде...
Мектепке дайындалу кезінде ата-аналар жіберетін 10 қателік
Фото:
ru.freepik.com
Тамыз айынның соңғы күндері мектепке барлық қажетті затты сатып алып қана қоймай, оған психологиялық тұрғыда дайын болу маңызды. Бала күйзеліске түспес үшін ата-аналар қандай қателіктер жібермеу керегін ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мектепке дайындалу кезінде ата-аналар жиі мынадай қателіктер жібереді:
- Жиналу және ұйымдастыру жауапкершілігін баланың мойнына іліп қою;
- Баланы түрлі үйірмелерге жазып қою. Демалуға және тұлғалық дамуға уақыт қалдыру маңызды;
- Жағымсыз мотивацияны қолдану: баланы мектеппен қорқыту, мұғалімдер мен сабақтарды жағымсыз тұста еске алу, нашар бағалар жайлы айту;
- Басқа балалармен салыстыру. Бұл балада сенімсіздік сезімін қалыптастыруы мүмкін;
- Баланың мектеп жайлы әңгімелеріне қызығушылық танытпау және оның проблемаларын талқыламау;
- Киімдерді, үйірмелерді немесе достарды таңдау еркін шектеу;
- Баладан көп нәрсе күту, оның алдына мүмкін емес мақсаттар қою;
- Мектепті жазаға айналдыру, мектепті балаға жағымсыз және қызық емес жер ретінде қабылдауына ықпал ету;
- Баланы мұғалімді сөзсіз тыңдауға мәжбүрлеу, оның сыни ойлауын және сұрақтар қойғысы келетін ниетін басып тастау;
- Баланы сабақтағы жетістігі үшін ғана жақсы көру.
Оқи отырыңыз: Бірінші сынып оқушысы тап болатын 5 жағдай
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова