Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтау үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдаудың маңызын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, оқушы сөмкесінің салмағы мынадай болуы қажет:
• 1–3 сынып - 2 келіге дейін
• 4–5 сынып - 2,5 келіге дейін
• 6–7 сынып - 3,5 келіге дейін
• 8–11 сынып - 4,5 келіге дейін
Жалпы салмақ баланың дене салмағының 10%-нан аспауға тиіс!
Таңдау кезінде:
• Белдіктер - кең және жұмсақ төсеммен
• Арқасы - ортопедиялық
• Материал - жеңіл, су өткізбейтін
• Міндетті түрде жарық шағылыстырғыштар болуы керек
Ата-аналарға ескерту:
- Сөмкені тексеріп, артық заттарды алыңыз;
- Балаңызды екі иықпен киіп жүруге үйретіңіз;
- Ауыр болса, кітаптарды мектепте қалдыруды мұғаліммен ақылдасыңыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек