Мексиканың Кульякан қаласында танымал TikTok блогер Сесар Гастелум тікелей эфир кезінде оққа ұшты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Universal басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, 25 жастағы блогер әріптестерімен бірге әлеуметтік желіге арналған видео түсіріп жатқан кезде мотоциклмен келген белгісіз адамдар оған оқ атқан. Қаскөйлер оқиға орнынан бірден қашып кеткен.
Сесар Гастелумның TikTok-та 500 мыңнан аса, ал Instagram-да 100 мыңнан аса оқырманы болған. Мыңдаған адам оның қаза тапқан сәтін тікелей эфирден көрген.
Мексика билігі қылмыстың блогердің әлеуметтік желідегі жазбаларымен және қылмыстық топтар туралы айтқан мәлімдемелерімен байланысы болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр.
Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова