Бүгін - жаздың алғашқы күні. Massaget.kz тілшісі маусымнан бастап қандай өзгерістер болатынына шолу жасады.
Биыл маусымнан бастап Алматы қаласы "Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы" атанады. Бұл туралы Президент мәлімдеді.
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады. Іріктеу инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржы саясаты, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі.
Үміткер тіркелу кезінде осы бағыттардың бірін таңдауы қажет. Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады.
1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеу енгізіледі.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жабындысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін жалпы он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады. 1 маусымнан бастап бұл бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады.
Бұл жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорт секцияларын, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 Орал-Маңғыстау бағытындағы пойыз құрамына әйелдер вагонын қосады.
Осылайша олардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда жүреді:
"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы жазда қосымша 11 пойызды іске қосады.
3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында мына пойыздар қатынайды:
Синоптиктердің болжамына сәйкес маусымда Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады: солтүстікте және орталықта 17-20 градус, батыста 23-25 градус шамасында. Ал оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық болады: жазық өңірлерде орта есеппен 24-28 градус, ең жоғары температура 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!