Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман маусымдық инфекция кезінде алдын алу, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну, көпшілік орындарға барған кезде барынша сақ болу керек екенін еске салды:
- Иммунитетті күшейту: С дәруменін қабылдау, дәрігердің тағайындауымен оксолин майын қолдану;
- Бұқаралық іс-шараларға баруды шектеу, бөлмелерді жиі желдетіп отыру, ЖРВИ-мен ауырған адамдармен байланыстан аулақ болу, бетперде тағып, тазалық сақтау;
- Ауырған жағдайда үйде болу, өз бетінше емделмеу, медицина қызметкерін шақыру, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен немесе орамалмен бүркеу, қолды жиі жуу;
- Науқас балаларды мектепке, мектепке дейінгі мекемелер мен мәдени-бұқаралық іс-шараларға жібермеу.
Айта кетейік, биыл 8-аптада Алматыда ЖРВИ-мен ауырған 14 848 адам тіркелген, оның 54,7 пайызы - балалар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова