- Негізгі бет
- LifeStyle
- Матрастың ыңғайсыз болуы...
Матрастың ыңғайсыз болуы денсаулыққа несімен қауіпті?
Біреу кереуетте жұмсақ төсекте ұйықтағанды ұнатады, ал біреу жерде жатқанды жөн көреді. Ал дұрыс емес матрас таңдау несімен қауіпті? Бұл сұраққа Алексей Решетун жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап.
Матрасты дұрыс таңдамау, ең алдымен, таңертең жағымсыз сезіммен оянуға әкеледі. Мысалы, ұйқыдан оянғанда арқаның төменгі аймағы ауруы мүмкін. Егер матрас дұрыс таңдалмаса, бұлшықеттерге, байламдарға жүктеме түсіп, бұлшықеттер түні бойы демала алмайды, сондықтан оянғанда арқасы ауырып тұрады.
Сонымен қатар созылмалы аурулар болған кезде - мысалы, грыжа өршуі мүмкін.
Бұл ұйқысыздыққа әкеп соқтырмағанымен, арқа ауруларына оңай әкеледі. Әдетте, бұл арқадағы, бел аймағындағы жағымсыз сезімдер. Ауырсыну біраз уақыттан кейін басылады, бірақ күн сайын оянғанда беліңіз ауыратын болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә