Әнші Мөлдір Әуелбекова әріптесі Мейрамбек Беспаевпен қарым-қатынасы туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі биыл алғыс айтатын жандардың қатарында Мейрамбек Беспаевтың орны ерекше екенін атады.
"Ата-анам, балам, қызым және Мейрамбек ағама алғыс айтамын. Мейрамбек аға - менің туған ағам. Шын айтсам, өмірімде үлкен рөлі бар. Жай ғана араласып қоя салатын адам емес. Бір-екі мәселем болған кезде ол кісі қатты көмектесті. Үлкен мәселелер туындағанда ағаны іздеймін. Ешқашан бас тартқан емес. Өте қысқа мерзімде шешіп береді. Өмірімде де, өнерімде де үлкен рөл алады", - деді ол.
Әншінің айтуынша, алдағы есеп беру концертінде Мейрамбек Беспаевпен дуэт айту жоспарланған.
"Алдағы 20 жылдық есеп беру концертімде сценарий қалай болатынын білмеймін. Оны да Мейрамбек ағамен ақылдасып істеймін. "Қолымыз босағанда отырып ақылдасайық" деп айтқан. Аға екеуміз дуэт боп өнер көрсететін шығармыз", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!