Маркетологтар ойлап тапқан аңыз. Ғалымдар "компьютерлік көзілдіріктің" пайдасыз екенін айтты

Маркетологтар ойлап тапқан аңыз. Ғалымдар "компьютерлік көзілдіріктің" пайдасыз екенін айтты
Фото: pixabay.com

Уақытының басым бөлігін веруталды әлемде өткізетін жандар көз жанарын сақтау үшін көзілдірік киюге мәжбүр болады. Көгілдір сәулелерден қорғайтын көзілдіріктер қазіргі уақытта сұранысқа ие. Алайда, халықаралық ғалымдар тобы экрандардан көгілдір жарықты бөгейтін "компьютерлік көзілдіріктің" сынақтан өткізіп, пайдасыз екенін дәлелдед, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lifehacker.ru-ға сілтеме жасап. 

Мельбурн университетінің (Австралия), Монаш университетінің (Австралия) және Лондон қалалық университетінің (Ұлыбритания) зерттеушілері 6 елдегі әріптестерінің 17 жұмысына зерттеу жасады. Жұмыстың ауқымдылыған сай 5-тен 156 адамға дейін зерттеуге қатысты. Бұл жұмыс бір күннен 5 аптаға дейін созылды.

Зерттеу нәтижесінде, көзілдіріктердің ешқайсысында көк жарық блокаторларының тиімділігі туралы нақты дәлелдер жоқ екені анықталды. Жарнамасы жаңғырған көзілдіріктердің көздің жалпы жағдайына әсер етпейтіні, ұйқының сапасын жақсартпайтын және көзлің көруін арттырмайтыны белгілі болды.  

"Компьютер экрандары сияқты жасанды құрылғылардан көзіміз алатын көгілдір жарық мөлшері, табиғи күндізгі жарықтан алатын заттардың шамамен мыңнан бір бөлігін құрайды. Сондай-ақ, мұндай көзілдірік белгілі бір өнімге байланысты көгілдір жарықтың 10-25% ғана сүзе алатынын есте ұстаған жөн. Үлкен тиімділік үшін олардың линзалары түстерді қабылдауға айтарлықтай әсер ететін айқын  реңкке ие болуы керек", - деді зерттеудің жетекші авторы  Сумеер Сингх. 

Ғалымдар біржақты тұжырымдар үшін үлкен зерттеу қажет екенін айтты. Мысалы, көзілдірікті ұзақ уақыт пайдалану туралы қорытынды жасауға әлі мүмкіндік жоқ. Алайда, аралық нәтижелер көзді көгілдір жарықтан қорғайтын линзалар маркетологтар ойлап тапқан аңыз екенін түсіну қажет дейді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов