- Негізгі бет
- LifeStyle
- Мархаба Сәби “Қыз-бозбала“...
Мархаба Сәби “Қыз-бозбала“ әнінің шығу тарихы туралы айтып берді
Танымал әнші, композитор, хит әндердің авторы әрі орындаушысы Мархаба Сәби кейінгі кезде хит болған әні туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы "1001 түн" бағдарламасында айтып берді.
"Ер адам, әйел адам деп көп бөле бермей, бір-бірін бағалап, еркелетіп жүрсінші деген ниетпен "Қыз-бозбала" әнін шығардым. 30-да болсын, 40-та болсын, адамның көңілі бозбаланыкіндей болып қалады дегенді жеткізгім келді", - деді әнші.
Мархаба Сәби YouTube желісінде бір айда 3,2 миллион рет қаралған туындысы арқылы отбасы құндылығын да насихаттағысы келіпті.
"Үйде бір-бірімізге ауыр сөздерді көбірек айтатын сияқтымыз. "Сен кінәлісің", "Сенің кесірің" деп емес, "Арыстаным", "Аққуым" деп жиі айтайықшы деген нәрсені үндегім келді", - деді ол.
Кейінгі кезде хитке айналып, әлеуметтік желілерде де танылған "Демалам" әні осы "Қыз-бозбала" әнінің жалғасы екен.
"Демалам" әні алдыңғы әнімнің жалғасы іспеттес. Ерлі-зайыптылар бір-біріне демалыс, еркіндік беріп тұруы керек екенін еске салғым келді", - деді ол.
Еске салайық, әнші сұхбатында күйеуі екеуі бір-бірінен жалығып кеткенде қызын алып басқа жаққа кетіп қалатындары туралы айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева