- Негізгі бет
- LifeStyle
- Маргарин шынымен де...
Маргарин шынымен де зиян ба? Дәрігерлер түсіндірді
Маргаринді көпшілік арзан және сапасы төмендеу өнім деп санайды. Әйелдер оны әдетте пісірмелерге пайдаланады. Ол шынымен де сондай нашар ма? Оның пайдалы қасиеттері бар ма? Бұл сұраққа Doctorpiter порталына мамандар жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алексей Кабанов, диетолог
Алдымен қазіргі дүкен сөрелеріндегі маргарин мен біздің ата-әжелеріміз қолданған маргарин – екі түрлі өнім екенін түсініп алайық. Бұрын маргаринді жартылай гидрленген өсімдік майларынан жасаған. Бұл процедура майлардың текстурасын өзгертуге және оны қоюлатуға мүмкіндік берген. Мұндай маргарин ағзаға не үшін зиян? Себебі оны дайындау процесі кезінде трансмайлар көбейе түседі.
Транс майлар – аздап химиялық формуласы өзгерген майлар. Трансмайларға бай өнімдер жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупін арттырады, репродуктивті денсаулыққа зиян келтіреді, иммунитетті түсіреді және қатерлі ісікпен байланысты болуы мүмкін.
"Шамамен жиырма жыл бұрын маргаринді басқаша дайындай бастады. Бұл өнімдегі трансмайларды азайту үшін қажет. Оны қалай істейді? Табиғи шикізат пайда болды. Яғни, майды жасанды жолмен қатты етудің қажеті жоқ. Табиғи аспаздық пальма майы бәрі ойлайтындай ағзаға қауіп төндірмейді және қатерлі ісік шақырмайды. Керісінше, пальма майы – Е дәрумені, аминқышқылдар, антиоксиданттар және қаныққан май қашылдарының көзі.
Бірақ, бастысы, оны қолдану маргариндегі зиянды трансмайларды кетіруге мүмкіндік береді. Сондықтан ол тұтынуға және пісірмеге қолдануға қауіпсіз болып келеді", - дейді Алексей Кабанов.
Михаил Кутушов, токсиколог
Михаил Кутушовтың айтуынша, маргариннің басқа мынадай артықшылықтары бар:
- Бұл өнімнің калориясы салыстырмалы түрде төмен. Орташа есеппен, 100 гр маргаринде шамамен 700 калория болады.
- Маргаринде көруге және теріге пайдалы А дәрумені бар.
- Ол D дәруменіне бай.
- Пісірмедегі майды жақсы маргаринмен алмастырса, бұл жалпы қаныққан майлар мен холестеринді төмендетуге көмектеседі.
Ескерту: Алайда мұның бәрі тек құрамында трансмайлары аз сапалы маргаринге қатысты айтылғанын түсіну маңызды. Нашар маргарин ағзаға зиян және онымен пісірілген тамақ та дәмсіз болады.
Сондай-ақ шаманы білу керек. Рационда маргариннің көп болуы немесе сапасыз маргарин тұтыну кері әсер беріп, қант диабетінің дамуына, зат алмасудың бұзылуына, артық салмаққа, онкологиялық ауруларға және репродуктивті денсаулық проблемаларына әкелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: "Жілік сорпасы". Нутрициолог ақуызға бай 6 өнімді атады
А. Жапатова