Маңғыстау тұрғыны мерейтойына орай 10 қызынан ерекше сыйлық алды. Желі қолданушылары қыздардың әрекетіне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қызан ауылының тұрғыны Шалғын Өтеғұлов биыл 60 жылдық мерейтойын ерекше атап өткен. 10 қызы әкесіне жаңа пәтер сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Мерейтойды ерекше өткізу үшін отбасы бір жыл бойы дайындалған. Әрбір қыз өз қалтасынан ортақ қаржы жинап, Ақтаудан пәтер алған.
"2021 жылы әкемізге көлік сыйлағанымыз әлеуметтік желілерде кең тараған болатын. Бірақ ешқашан атақ-даңқты көздеген жоқпыз, басты мақсатымыз әкемізді қуанту еді. Біз қарапайым отбасынан шыққан он бір баламыз", - дейді Жақсыгүл Шалғынқызы.
facebook.com/cok.mangystau
Жаңа пәтер – он қыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Пәтердің құны жарияланбаса да, баға жетпес сыйлық екені айқын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова