- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мәңгілік бірге қол...
"Мәңгілік бірге қол ұстасып жүрсе екен". Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының жаңалығынан кейінгі арманын айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші рет үйленгелі жатқан кенже ұлы Заңғар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иә, бір-екі күн болды. Заңғарым өмірлік жарын таңдап, жүзігін салғалы бері қаншама ел дайректке жазып, тіпті ағайындардың бәрі хабарласып, "Алла бұйырса, жақында той екен, той болсын" деп жатыр ғой. Ата-ананың үміті: үйімізге адал келін келсе екен, үлкен әулетті отбасы болса екенбіз, баламызбен мәңгілік бірге қол ұстасып жүрсе екен деп армандаймыз ғой", - деді продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші Заңғар Нұртас сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын жазған едік.
Ал оның алдында Заңғар Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлы екінші рет үйленетінін хабарлаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан