Мамыр қысқа жұмыс аптасымен басталады

Мамыр қысқа жұмыс аптасымен басталады
Фото: depositphotos.com

2026 жылы мамыр қысқа жұмыс аптасымен басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?

Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні болады;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Мамырда Қазақстанда қандай мерекелер тойланады?

Мамырда бірден бірнеше мемлекеттік мереке атап өтіледі:

  • 1 мамыр (жұма) - Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр (бейсенбі) - Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр (сенбі) - Жеңіс күні.

Сонымен қатар, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Десе де нақты күндері өзгеруі мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget