Табаны тегіс аяқ киімді ұзақ кию аяққа зиян. Мұндай аяқ киім табанның табиғи қалпын өзгертіп, аяқтағы қан жүруді де нашарлатуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер-флебологы Елена Смирнова РИА Новостиге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, түбі мүлде тегіс аяқ киім кедір-бұдыр жермен жүргенде ғана қолайлы. Ал асфальт секілді теп-тегіс жерде өкшенің сәл көтеріңкі болғаны дұрыс. Әйтпесе табанға түсетін салмақ дұрыс бөлінбей, оның пішіні бұзылуы ықтимал.
Осыған байланысты маман аяқ киім таңдағанда бірнеше нәрсеге мән беруге кеңес берді. Ең алдымен, аяқ киім аяққа шақ болуы керек. Башпай мен аяқ киімнің ұшының арасында аздап бос орын қалғаны жөн. Сондай-ақ, оның өкше жағы қаттылау болғаны дұрыс. Дәрігер баумен байланатын және өкшесі сәл ғана биігірек аяқ киімге басымдық беруге кеңес береді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz