Ұйқы жөніндегі сарапшы Лиза Артис сапалы ұйқының алты негізгі қағидасын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mirror-ға сілтеме жасап.
Артис ұйқыны реттеудегі ең маңызды нәрсе - тұрақтылық екенін айтты. Сол себепті ол қолайлы күн тәртібін қалыптастырып, соны ұстануға шақырды. Дегенмен, сарапшының айтуынша, кесте бір рет бұзылса, бұл қалыпты.
"Егер кеш жатсаңыз, келесі күні әдеттегі уақытыңызда тұрып, әдеттегі уақытыңызда қайтадан ұйықтауға тырысыңыз. Осылайша бір ұйқысыз түннен кейін режиміңіз бұзылып кетпейді", - деп кеңес берді Артис.
Сондай-ақ, ол ұйқыға жатардан кемінде 20 минут бұрын смартфонды қолданбауды және сол уақытты басқа әдеттерге арнауды ұсынды: жылы душ қабылдау, ваннаға түсу немесе жай ғана көрпеге орану. Артис жылудың ұйқыға бейімделуге көмектесетінін атап өтті, бірақ бұл жатын бөлме ыстық болуы керек деген сөз емес. Оның сөзінше, ұйқы үшін ең қолайлы температура - 16–18°C.
Бұдан бөлек, ұйқы сапалы әрі тыныш болуы үшін маман ұйқыға дейін 3 сағат бұрын ауыр тағам жемеуге, сондай-ақ алкоголь ішпеуге кеңес берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz