Мақпал Жүнісова: Сол хайуандардың атын айтып, шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен

Мақпал Жүнісова: Сол хайуандардың атын айтып, шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова күйеуінің өлімі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында қайтыс болған күйеуі Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерін жариялап, жан сырын ақтарды. 

Архивтегі түрлі әдемі естеліктерін бөліскен әншінің желідегі оқырмандары қолдау көрсетіп, жұбату сөздерін жазып жатыр. 

"Жаны жәннаттан болсын, Мақпал апай! Зәкеңдей тұлғаны ғашық еткен сіздің де осал адам емес екендігіңізді тағы да бір мәрте мойындадық", "Мақпал, өте әдемісің, бәрін үйіп бере салған, мінез, сұлулық, қарапайымдылық. Сені халқың жақсы көреді, сахнаның көркісің" деген жылы пікірдің қатары көп. 

Тағы бір оқырманы "Өлтірген хайуандардың үрім-бұтағымен өмірі елдің қарғысын алып өткір жауыздар, жер басып қалай жүрсіңдер, қарабеттер?!" деп пікір қалдырыпты. Ішіне сыймаған болса керек Мақпал Жүнісова да "Сол хайуандардың атын айтып, халыққа шындығын ашатын күнді естіп кетсем екен" деп жауап беріпті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева