Танымал әнші Мақпал Исабекова актриса Әсел Сәдуақасованың тойына неге бармағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі әншіден тойға неге шақырылмағанын сұраған.
"Сіздің қызығушылыңызды қанағаттандыра алмаймын. Бұл сұрақ маған қойылмауы керек еді. Неге екенін білмеймін. Қатты қызық болса, өзінен сұраңыздар", - деп жауап берген ол.
Сондай-ақ, әнші қазір сыртқа шығуды, адамдармен араласуды сиреткенін айтты.
"Анамен неге араласпаймыз, мынамен неге дос емессіз, аналармен ұрысып қалдыңыз ба, енді дос емессіздер ме, олардың арасында көрінбейсіз ғой". Мұндай сұрақ өте көп. Құрметті оқырмандарым, Instagram-да маған біреумен достығымның дәлелі керек емес. Иә, мен далаға шығуды, адамдармен көрісуді сиреттім. Менің кішкентай балам бар. ...Шынайы достықта адам алыста болса да "сенімен бірге" екенін білу маңызды", - деді ол.
Айта кетейік, 5 шілдеде актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова мен бірқатар онлайн-жобаның негізін қалаушы Мағжан Тілеухан үйленді. Салтанатты той Алматы қаласындағы премиум қонақүйлердің бірінде өтті.
"Ең жомарт достар". Қонақтар Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеуханның үйлену тойына не сыйлады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!