“Махаббатым ашылып жүр“. Дина Төлепберген ішкі сырын ақтарды

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Байқағандарыңыздай, поэзияға махаббатым ашылып жүр" деп жазған журналист "Жаз бойы жанымды жадыратқан сәттер" тақырыбымен жазды қорытындылайтын жазбасымен бөлісті. 

"Жаздың жағымды тәтті күндері үшін, сәтті күндері үшін рақмет! Әр мезгілге, әркімге, әр күнге алғыс айта біліңіз! Ерекше естеліктермен бөлісіп қояйын! Айтпақшы, сіз де менің аудиодорожкамды пайдаланып, ыстық сәттеріңізді бөлісе кетіңіз! Жаз қандай жағдаймен есіңізде қалды? Жаза кетіңіз!", - деп жазды ол. 

Дина Төлепбергеннің расымен поэзияға махаббаты ашылып жүрген сияқты. Жоғарыдағы жазбасынан кейін дереу тағы бір поэзия оқып, видеосын жариялады. Кезекті поэзия "Өз-өзіңді жақсы көр" деп аталады. 

"Өз-өзіңді жақсы көр! Өз-өзіңді сүй, құрметте, бағала! Сонда ғана айналаңдағы адамдардың құрметі артпақ! Көңілдегі күрсіністі, жан тыныштығын Мұқағали Мақатаевтың жыр жолдарымен жеткізгім келді!", - деп жазды журналист жаңа жазбасының астына. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!