Магниттік дауыл: ақпанда қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Ақпанда қай күндері магниттік дауылдар болады?

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша ақпан айы тыныш болады. Астрономдар тек ақпанның соңғы күндерінде магниттік дауыл болады деп болжайды.

сурет: xras.ru

Астрономдардың болжамы бойынша 27 және 28 ақпанда әлсіз магниттік дауылдар болуы мүмкін. Алайда мамандар бұл жағдай өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Магниттік дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз;
  • егер қандай да бір созылмалы ауруыңыз болса, қажетті дәрі-дәрмекті өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз