Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжаттар 18 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 49 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған. Олар грант конкурсына қатыса алады.
Құжаттарды тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал оқуға құжат қабылдау 28 тамызда аяқталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!