- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Маған сөйлемеді, тамақтарымды...
"Маған сөйлемеді, тамақтарымды жемеді". Абай Бегейдің әйелі қыздары алғашында қалай қабылдағанын айтты
Танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова жұбайының балалары алғашында қалай қабылдағанын айтты. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, алғашында үлкен қиындықтан өткен.
"Түн ортасында жылап отырмын. Үйлену тойымыз болып, тақсыр қыздарды Алматыға алып келемін деді. Үлкен айқай шу болды, оның шет жағасы бәріңізге мәлім… Есімде таңның уақыты, дастархан жайып, аэропорттан тақсыр мен екі қызымды күтіп отырмын. Ішім деген алай-дүлей, бір бөлмеде ары-бері жүрмін. Бір кезде келді, есікті аштым, екі қызым тұр, бетіме суық қарады (көңіл күйлері жоқ) да, ішке кіріп кетті, папалары амандасындар деп еді үндемеді, жүрегім сондай қан жылады, білдіртпедім. Маған мүлдем сөйлемейді, сұрақтарыма жауап бермейді! Барымды салып, тәтті тамақтар пісірді, жемеді. Тек дұғамды жасап, жәймен жәймен алдастырдым. Әлі күнге дейін сол - дұғам мен алдастыру. Мені сөгетін адамдарға бір айтарым, әлі күнге дейін мен не істесем де, не айтсам да мың қадам алға ойланамын, саралап, саптап, өлшеп жасап-айтамын. Соншама жыл жинаған махаббат пен қарым-қатынас маған қымбат. Не істесем ренжімейді, не айтсам ренжімейді деген ұранмен өмір сүремін", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары оның ақылдылығына тәнті болған:
Жап-жас болсаңыз да сізде даналық бар, мен таңқалам, үйіңізден үнемі қонақ үзілмейді, оларды күту, балаларға қарау, үлкен балаларыңыздың көңіліне қарап сөйлеу ол да үлкен міндет қой. Алла күш қуат, араларыңызға шынайы махаббат берсін!
Жаным, Фари, сендей алтын ана , керемет жар таптырмас бұл дүниеде. Аналарындай көрмесе де, ақылды қыздар ғой сені түсінеді. Тахсырың аман болсын. Көрінген ұл қыздарың аман болсын. Алла қаласа ене боласың. Бұрын да енесің ғой, енді екінші рет ене боласың. Алла тіл көзден аман қылсын. Әр тілеген дұғаң қабыл болсын.
Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін! Өзіңізді сондай сыйлаймын!
Фариза, айналайын, сен ең жақсы анасың, мейірімің, ниет төгіліп тұр, алтын қыздарың бар, бастысы қыздарға мейірім, қазіргі таңда ең нағыз үйдің берекесі - сен, тақсырың аман болсын!
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова