Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Өнер академиясы Абай мерейтойын атап өтті
Өнер академиясы Абай мерейтойын атап өтті

Биыл еліміз үшін, оның ішінде мәдениет пен өнер саласының өкілдері үшін маңызды жыл. Өйткені, Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, Әл Фарабидың 1150 жылдығын және Алтын Орданың 750 жылдығын жоғары деңгейде атап өту межесі тұр.

2020 жылы 17 ақпан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өткізді.

"Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла..." атты рухани кеш толығымен Абай өмірі мен шығармашылығына арналды. Кемеңгердің осыған дейін көп айтылмаған әндері тыңдармандарға жол тартты, шығармалары дәріптеліп, композициялары орындалды. Сонымен қатар сахналық көріністер қойылып, Ұлы ойшылдың өсиеттері айтылды. Концертте Сәкен Майғазиев, Толқын Забирова, Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Айгүл Қосанова, Ерлан Біләл сынды оқу ордасының ұстаздары мен студенттері өз өнерлерін ортаға салды.

Академия ректоры Ақан Абдуалиев, ағартушының мерейтойына арналған іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатыны жайлы тілге тиек етті. Мерейтойлық концертке мыңға жуық көрермен жиналды.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: facebook.com
Қосылған күні: 18 ақпан, 16:11