Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтеді

Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтеді
Фото: vk.com

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, біртуар актриса – Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтеді. 

16 наурызға жоспарланған бағдарламаға сай сағат 15.00-де баспасөз конференциясы өтсе, сондай-ақ, сағат 16.00-де «АНА ТУРАЛЫ АҢЫЗ» атты актрисаны еске алу кеші басталады.

Еске алу кеші – аңыз актрисаның ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін мерейтойлық іс-шаралары аясында жүзеге аспақ... Жарқын бейне жайында жылы естеліктер айтылар сырлы басқосуда бірге болайық! 

Т. Раушанұлы