Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына 70 жыл

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына 70 жыл
Фото: Марғұлан Ақан

1946 жылы 4 шілде күні іргесі қаланған Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына 70 жыл толды. Театрдың мерейтойына елге белгілі азаматтар, қонақтар, жұлдыздар, әкім аппаратынан да адамдар келіп қатысты. 70 жылдық мереке театрдың өзінде өтті. Жылдар бойы халыққа рухани жан азық сыйлап келген театрға ағылған қонақтардың барлығы дерлік алғыс пен құттықтауларын жаудырды.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Әбдіқалықов мырза сахна төрінде ыстық ықыластарды қабылдады. Бұл ұжымның, тетардың 70 жыл ішінде жеткен зор жетістігі, жылдар бойы сіңірген еңбегі. 

Құттықтауларын ала келген құрметті қонақтар

Театрдың 70 жылдық мерейтойын тізгіндеген елімізге белгілі тұлғалар

Қазақстанның  Халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов бастаған бір топ театр басшылары құттықтауларын жолдауда

Қазақстанның Халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұловтың жылы лебізі

Театр – руханияттың бесігі. 

М. Ақан