Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры - Астана төріндегі өнер ордасы

Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры - Астана төріндегі өнер ордасы

Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры - Астана төріндегі өнер ордасы

 

2000 жылдың қайтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен аталмыш жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді. 
Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды. 

Әр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылды. Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Әзірбайжан Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана  қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Театр репертуары В.А. Моцарттың «Фигароның үйлену тойы», Ж. Массненің «Жас Вертердің махаббаты мен ажалы», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-сан», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», Дж. Вердидің «Травиата» опералары мен П. Чайковский «Аққу көлі», А. Адам «Жизель», Л. Минкус «Дон Кихот», Ш. Гуноның «Вальпургий» балеттері сияқты бірқатар қойылымдармен толықтырылды.

Республикамыздағы жас театрларының қатарына енетін бұл театр құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының түлектері мен белгілі қазақстандық әртістер қызмет ете бастады. 
Ұлттық театр әншілерінің есімдері кеңінен таныла бастады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев, Қазақстанның халық әртісі Хорлан Қалиламбекова, Жанат Бақтай, Айгүл Ниязова, Байғали Момбеков, Наталья Мизюк, Маргарита Дворецкая, Ғалия Байғазинова, Жанат Шыбықбаев, Қияқбай Асамбаев, Бағдат Бекішов, Ескендір Әбжанов, Гүлжанат Сапақова, Роза Сағындықова, Елена Низамутдинова, С. Кауков, Г. Құрманғожаева, Г. Усина, Ғ. Бегалина, А. Мұқатова, М. Өнербаева, Ж. Әубәкіров, Р. Сейітбеков, А. Сыпатаев, А. Құлбеков, Р. Асанов опера әншілері мен балет бишілері өнерсүйер қауымның көзайымына айналды.
2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты.

Суреттер astana-anshlag.kz ғаламтор беттерінен алынған

3778 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 қаңтар 2012, 09:20
Пікірлер
+0
20 қаңтар 2012, 13:49

Жазда Алматыға гастрольмен келген, дайындықтары, кәсіби деңгейлері Абай атындағы театрдан төмен, бірақ жас театр ғой, бірте-бірте түзелер.....

+0
21 қаңтар 2012, 12:01

Бұл театрдың жетістіктері мен әртістерінің есімін әлі талай еститін боламыз деп ойлаймын. Келешгі кемел мәдениет ордасы десем артық болмас.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...