Мүсірепов театрында «Құстар фестивалі» фарс-комедиясының премьерасы болады
Фото: teatr-musrepov.kz

Мүсірепов театрында «Құстар фестивалі» фарс-комедиясының премьерасы болады

1-2 шілде күндері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Құстар фестивалі» фарс-комедиясының премьерасы болады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызмет хабарлады.

Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтың бұл қойылымын Сафуан Рысбайұлы сахналайды. Спектакльдің қоюшы-суретші - Қуат Түстікбаев болса, композиторы - Болатбек Нұрқасымов. Балетмейстер - Ринат Билибаев, сахна сайысы - Мақсат Рахметов.

«Білімсіздерді  алға  оздырғаны  үшін білімділердің жауап  беретін  кезі  келеді...»

Адам мен адам арасындағы пендешілік  талас пен тартыстың, дау–дамайдың  саябырсыған  кезі  бір болған  емес.

Спектакль – адамзат пен қоғам пайда болғаннан бергі, кеңінен орын алған теңсіздік, әлділердің әлжуаздарды билеп-төстеуі, соның нәтижесінде туындайтын пендешіліктің адами қасиеттермен тартысы жайлы болмақ.

Қойылым сағат 18:30-да басталады. Театрда кездесейік, ағайын!

Н. Айдархан