Мұражайға үйден шықпай барыңыз

Мұражайға үйден шықпай барыңыз

Ұлы ақын Абайдың Семейдегі бас мұражайының залдарын үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы 3D форматта көру мүмкіндігі пайда болды.

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының abay-museum.kz сайтында мұражай залдарының 3D панорамалары орналастырылды.

Көрермендер 14 залға виртуалды экскурсия жасап, жәдігерлерді көре алады.

3D формат арқылы мұражайдың «Абай дәуірі», «Бейнелеу өнеріндегі Абай тұлғасы», «Тақырыптық көрме залы», «Жаз», «Үш қайнар бұлақ», «Шығармашылық бөлім», «Сыйлықтар», «Абайдың ақындық айналасы», «Абайтану», «Абай халық жүрегінде» бөлімдерін, экспозициялық фрагменттерді тамашалай аласыздар.

Сурет: vsemee.kz

Ф. Абилова