Абай атындағы опера және балет театрының билеттері онлайн сатылатын болды

Абай атындағы опера және балет театрының билеттері онлайн сатылатын болды

Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры билет сатудың электрондық жүйесін іске қосты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 қаңтардан бастап ticketon.kz сайтында электронды билет сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Ол билеттерде QR код орнатылғандықтан, бақылаушылар арнайы құрылғыны пайдаланудың көмегімен қойылым болатын мерзімді, отыратын орныңызды анықтап көрсетеді. Ал смартфон мен планшеті бар қонақтарға билетті шығарудың қажеті жоқ.

Билет сатып алу кезінде залдың сызбасы мен бос орындар көрсетіледі.

Сондай-ақ, билеттерді әдеттегідей театр кассаларынан да сатып алуға болады.

Сайттан билет алу кезінде Visa, Mastercard, American Express халықаралық төлем жүйесі, интернет-банкинг, Qiwi, Cyberplat, Касса 24 терминалдары арқылы төлем жасауға болады.

Төлем жасалғаннан кейін таңдаған орныңыз сізге ғана тиесілі. Билеттер 2 түрде жіберіледі:

1. Кассадан билет алу үшін 12 таңбалы код СМС арқылы келеді;

2. Электронды поштаңызға QR код келеді.

Электронды билетті принтер арқылы шығаруға немесе мобильді құрылғыңызды көрсетуге болады.

Сурет: huffingtonpost.com

Ф. Абилова