Театр туралы толғамдар

Театр туралы толғамдар

Театр туралы тұлғалар қандай толғамдар айтады? Үңілейік...

Егер әртіс нашар ойнаса, онда оған деген қол шапалақтау оның одан да нашар екендігін көрсетеді. Жюль Ренар

Санасы бос адамның алдында ойнағанша, бос орындықтың алдында ойнаған жақсы. А. Гиннесс

Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция. Александр Иванович Герцен

Сенің жаттап алғаныңды білмей қалатындай етіп ойна! Михаил Семенович Щепкин

Кедейлер тек театрда ғана байлардың үстінен қарап отырады. Уилл Родж

Сахнадан адамды емес, актерді көрсең, жалығасың. Василий Осипович Ключевский

Адам бүгін театрға  ертең адам болып қалу үшін барады. Робер Лепаж

Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын. Григорий Ревзин

Театр мен киноның айырмашылығы – сіз театрда көресіз, ал кинода сізге көрсетеді. Александр Адабашьян

Егер театрда тек классика ғана қойыла берсе, онда театрдың өлгені. Владимир Немирович - Данченко

Театр дайын драматургияны қойып беру емес, ондағы оқиғалардың неге олай болғаны жайында ойлану. Тадаси Судзуки

Өз театрын ашуды армандамайтын актерлерден құралған театр өте нашар тетар, оның болашағы да жоқ. Ролан Быков

Егер қоғамда жара болып жатса, оны театр емдеуге, не «бәрі жақсы болады» деп сендіруге тиісті емес, театр сол жақты саусағымен нұсқап көрсетуі керек. Сонда ғана қоғам алдындағы парызы өтеледі. Михаэль Тальхаймер

Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз. Гленда Джексон

Егер екі адам сөйлесіп, оны үшіншісі тыңдап тұрса, мұның өзі - театр. Густав Холоубек

Театр – көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны. Петер Цадек

Өз биігіне жеткен театр ешкімнің де көмегін қажет етпейді. Николай Акимов

Жөтеліп жүргендер ғана дәрігерге, ал қалғаны театрға барады. Алек Гиннес 

Қойылымның жетістігі – көрерменінің көп болуы. Тадаси Судзуки

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан


сурет: altaynews.kz

А. Әбілхан