Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Тұрсынбек Қабатов жаңа бағдарлама ұсынады

Тұрсынбек Қабатов жаңа бағдарлама ұсынады

Тұрсынбек Қабатов жаңа бағдарлама ұсынады

КТК арнасының жексенбілік кештерінде енді Тұрсынбек Қабатовтың бағдарламасын тамашалайтын боламыз. 9 наурызда отандық арнада «КТК-да Қабатов!» атты жаңа ойын-сауық бағдарламасы көрерменге жол тартады. Актер, әзіл-сықақшы, «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театрының жетекшісі, Көңілді тапқырлар клубының үздік ойыншыларының бірі атақты Тұрсынбек – ұмытылмас кештер, күлкілі эксперименттер мен жарқын пародияларды жүзеге асыруға уәде береді. Әзіл-сықақ бағдарламасында одан өзге отандық шоу-бизнес өкілдері, спортшылар мен қоғам қайраткерлері бой көрсетеді.

Сонау Мәскеуді мойындатып қайтқан Тұрсынбек Қабатов өз атымен аталатын бағдарламаның тұтқасын ұстап, елді әзілдерімен қуантпақ. Шоу өз атымен аталатындықтан, Тұрсынбек те өзін қожайын сияқты сезініп, қонақжайлығын, албырттығын және жомарттығын көрсетіп, қонақтарының және көрермендердің көңілін көтереді деп күтілуде.

Алғашқы бағдарлама Халықаралық әйелдер мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, аруларға арналатын болады. Тұрсынбек әйел болмысының құпиясын түсінуге тырысады.

Тұрсынбек Қабатов, жүргізуші:

- Бұл аптада біз қыздар жайлы сөйлесетін боламыз. Бұрын олар бәрін махаббатпен жасаушы еді ғой, ал қазір қалай? Бүгін 8 наурызға ашықхат пен гүл сыйлау неге жеткіліксіз болып қалды? Кейбірі сақина сұрайды, жай ғана сақина емес гауһартасты сақина, ал егер киім сұраса, тек ішік керек. Сосын тағы көлік керек оларға!

Оның студиясының есігі әншілерге, актерлерге, спортсмендер мен жазушыларға ашылады. Олар оның қыңыр сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, қиын тапсырмаларын орындаулары да керек болады. Біреу батырдың киімімен аяқ-асты перзентханаға тап болса, ал кейбірі бірнеше минутқа үй қызметкерлеріне айналады. Оған қоса, Тұрсынбек ән де айтады. Танымал қонақтармен қоса, көрермендер де шоудың ажырамас бөлігі. Оларды да қызықты ойындар мен тосынсыйлар күтіп тұр.

Сурет: qaznews.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 06 наурыз 2014, 12:59
Пікірлер
+0
06 наурыз 2014, 14:52

«КТК-да Қабатов!» деген атауға келіспейтін сияқтымын... :D

+0
06 наурыз 2014, 15:42

Қашан болады екен?

+0
06 наурыз 2014, 18:11

Көрелік, сынды сонан соң жазамыз ғой )))

+0
07 наурыз 2014, 00:45

Қуана көремін)) Бірақ Астанадағы көрерменерінде ұмытпаса екен, жыл сайын «Базар жоқ»концертіне барып тұратынбыз. Осы жолы концерт қоймай жатыр...

+0
12 наурыз 2014, 22:26

Бастамасы тамаша. Тұрсынбек ағамыздың әзілдерінде қазақтың өміріндегі жайттарды күлдіріп айтқанымен астарында терең ой, мән-мағына жатқанын байқаған боларсыздар. Әуелі тырқылдап күліп аламын да астарына үңілгенде толғанып кетем.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.