Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Біржан-Сара" Алматыны риза етті

"Біржан-Сара" Алматыны риза етті

Оқырмандарымызға "Астана Опера" театрының алғашқы гастролі Алматы қаласындағы Абай атындағы МАОБТ сахнасында өтетінін айтқан болатынбыз. Кеше театр сахнасында елордалық өнерпаздардың алғашқы қойылымы көрсетілді. Шымылдықты түрген Ресейдің халық әртісі Юрий Александровтың қойылымындағы қазақ операсының маржаны – «Бiржан-Сара» алматылық тұрғындарды дән риза етті.

"Астана Опера" театрының әртістерінің басым бөлігі алматылық оқу орындарының түлегі болып табылады. Бұл гастрольдік сапарды алматылық классикалық музыканы сүйетін көрерменге деген шығармашылық есебі десе де болады. Театр ұжымы әлемдік турнеге шықпас бұрын, мәдениет ақсақалдарының ақ батасын алмақ ниеттері бар екендігін ашық айтты. Талантты өнерпаздар оңстүстік астанадан кейін Санкт-Петербургтегі Марин театрына, Нью-Йорк, Лондон, Париж театрларына гастрольға баруды жоспарлап отыр.

Алғашқы кештің құрметті қонағы ретінде қала әкімі Ахметжан Есімов, Есмұхан Обаев, Талғат Теменов сынды өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты. Сәні мен салтанаты жарасқан театр залы лық толы болды. 

Қойылымда Мария театрының (Санкт-Петербург) үздік теноры Ахмет Ағади Біржан болып ән салса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова ақын Сараны қайта жандандырды. 

Ал Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окуневтің сахналық декорациясы тіптен керемет. Маэстро Абзал Мұхитдиновтің жаңа музыкалық редакциясы мен дарынды топқа бас иген болдық.

Қойылым Қоянды жәрмеңкесіндегі думанды жиыннан басталады. Елін әнмен әлдилеген сал Біржанды көрген жұрттың бәрі де мәз, бар қошеметін көрсетіп жатыр. Біржан Көкшетау сұлулығы мен Күміскөлдің табиғатын әнге қосады. Кенет жиынға Жетісудың бұлбұлына айналған ақын Сара шыға келеді. Жұрт бірін айға, екіншісін күнге теңеп бар құрметін көрсетумен әлек. Айтыс басталып кетеді. Екі талант бір-бірін жеңе алмай ұзақ уақыт бойы сайысқа түседі. Мұның бәрін сырттан бақылап жүрген Жанбота көңілді жиынның шырқын бұзып, Біржанды айыптайды. Я домбыра, я өмірді таңдауға ерік береді. Жанбота ашумен қазақтың домбырасын көрермен алдында сындырған сәтте дір етпеген көрермен болмады.

Мұнан кейінгі көріністерде Біржан Жанботаның мүгедек ұлы Жиенқұлға төртінші әйел болып ұзатылады. Оған кедергі болмақшы болған Біржан тұтқынға алынып, Сібірге итжеккенге айдалу қаупі төнеді. Қойылым соңында махаббат жеңіп, екі жас қауышады.

Жалпы қойылымда мәңгі өлмейтін ән құдіреті мен әншінің атағы, туған жерге деген махаббат, сағыныш, ұлдан қасиет, қыздан ұят кеткен заманға деген өкпе-наз, жауапсыз махаббат пен жауыздық тақырыптары қозғалады. Бұл қай уақытта болмасын өзектілігін жоғалтпайтын мәселелер деуге болады.

Көрерменнің  ұлттық нақыш пен әуезді әуенге сусындап, жан сарайын байытатын рухани азық жинап қайтқандығына бек сенімдіміз.

Алматы қаласыны әкімі мен Абай тетарының әкімшілігінің атынан гүл шоғы тарту етілді.

 

Алдағы уақытта Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары алты күн бойы "Астана Опера" театрының ең үздік деген қойылымдарын тамашалай алады.  

Автор: Айгерім Сматуллаева

Сурет: Айгерім Сматуллаева

1794 2
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 05 ақпан 2014, 12:53
Пікірлер
+0
05 ақпан 2014, 18:28

керемет

+0
06 ақпан 2014, 10:31

Достар, сіздерге көрермен ретінде кеңес бергім келеді, дәл "Астана-Операны" болмаса да, операны іздеп барыңыздар! Бір жағынан қатты риза болып, екінші жағынан өкініп, ұялып қайттым) неге осыған дейін опера көрмегенімін деп, бір досым опера өнердің биігі деп жиі айтатын, расымен де солай екен! барыңыздар, барыңыздар және барыңыздар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...