Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / "Қара майор" өмірден озды

"Қара майор" өмірден озды

2019 жылдың 12 ақпанында ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы полковник Борис Төкенұлы Керімбаев 72-ге қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылғы 12 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға бел буған Борис Төкенұлы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищесінің курсантынан бастап полк командиріне дейін қызметтік өсу жолынан өтті.  

Оның өмірбаянындағы жеке ерлік парағы 1981 – 1983 жылдардағы Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын орындаған кездері болып табылады. Онда ол аты аңызға айналған арнайы мақсаттағы жасаққа қолбасшылық жасады және маңызды бағытта 2 жыл бойы қарсыластың үстем күшіне қарсы тұра білді.

Өзінің қызмет өткеру жылдарында Борис Төкенұлы жеке басының үлгі-өнегесімен нағыз генералдар мен офицерлер буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың көбі бүгінгі күні өз қызметін абыроймен өткеруде.

Зейнеткерлік демалыста жүрсе де ол еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етті. Оның Отан алдында сіңірген еңбегі лайықты жоғары мемлекеттік наградалармен бағаланды.  

Полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың есімі ерлік, жанқиярлық пен патриотизм эталоны ретінде біздің есімізде мәңгі қалады.  

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 12 ақпан, 11:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.