Италиялық сән інжілінің бас редакторы Франка Соццани

Италиялық сән інжілінің бас редакторы Франка Соццани
Фото: gbtn.ru

Сән әлемі орны толмас қайғыға душар болды: 67-жасқа қараған шағында белгілі сән тарихын зерттеуші Франка Соццани дүниеден озды. Ол 28 жыл сән інжілі саналатын Vogue журналының редакторы қызметін атқарып, журнал беделі өсуіне елеулі еңбек сіңірді. Саналы ғұмырын fashion-өнер жолына сарп еткен Соццаниді әлемнің атақты жұлдыздары жоқтап, еске алып жатыр. Миландағы өз пәтерінде о дүниелік болған Франка Соццанидің ұзақ уақыт аурумен арпалысқаны белгілі болып отыр. Ол туралы Франканың туыстары хабарлады.  

Франка  1950 жылы 20 қаңтарда  Мантуйе (Италия) дүниеге келген, католик университетінде әдебиет, философия мен неміс филологиясынан дәріс алған. Журналистік мансабын 1976 жылы Vogue Bambini журналында бастап, 1980 жылы Lei журналының редакторы қызметіне көтерілді, араға үш жыл салып — Per Lui аталатын ер адамдарға арналған нұсқасын да басқарды. 

Соццанидің жетістіктері қатарында ерлікке пара пар шешімдер мен жұмыстар бар. Оған алдағы уақытта тағы мақала арнаймыз.

Қазіргі таңда атағы жер жаратын белгілі Элен вон Унверт (Ellen von Unwerth), Питер Линдберг (Peter Lindbergh), Брюс Вебер (Bruce Weber), Марио Тестино (Mario Testino) сынды аса дарынды фотографтар осы Франка Соццанидің көзі қырағылығының арқасында жерде қалмады.

2016 жылы қыркүйек айында Венеция кинофестивалінде Франканың өміріне арналған «Франка. Хаос пен жасампаздық» (Franca: Chaos and Creation) атты деректі фильмнің көрсетілімі болды. Оның авторы Соццанидің ұлы Франческо Карроззини (Francesco Carrozzini) болатын. 

Франканың сіңлісі Мария Иосиф – Бродскийдің әйелі болған. Олардың  Анна Бродская-Соццани есімді қызы бар. 

А. Оралқызы